Төтенше жағдайлар қызметі жарысқа түсті

image descriptionТобыл өңіріндегі төтенше жағдай қызметінің өкілдері өзара жарысқа түсті.  Газ түтінінен қорғау қызметінің сайысына қатысқан  13 команда екі кезең бойынша бақ сынасты. Жарысқа қатынасушыларды Қостанай облысы ТЖД "Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі" мекемесі бастығының орынбасары Е.Ақдәулетов құттықтап, жылы лебізін білдірді.
Жарыс газ түтіннен қорғау қызметін жетілдіру, епті және тиімді іс-әрекетке баулу, газ түтіннен қорғау қызметінің   шұғыл – қызметтік міндеттерін ойдағыдай орындауды қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылды. Сондай ақ,  Қостанай облысы өртке қарсы қызмет гарнизонының  газ түтіннен қорғау қызметінің функционалдық дайындығын көтеру мен "Үздік ГТҚҚ буынын"  анықтау негізге алын-ған еді. Жарыс барысында  өрт сөндірушілер кәсіби білік-тіліктерін көрсетті. 
Жаттығу барысында барлық командалар  алғаш рет контейнерлік типтегі  жылу түтін камерасын сынақтан өткізді. Заманауи құрылғыны облыстық өртке қарсы қызмет гарнизонының жақында ғана пайдалануға бергенін айта кеткен жөн.
Сайыстың соңында жеңімпаздар анықталып, грамоталармен, медальдармен және арнайы кубокпен марапатталды.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓