Бітімгерлердің білімі жетілдірілді
Арқалық қаласы әкімдігінде "Қостанай облысы медиация бас-қармасы ассоциациясы" қоғамдық қорының" басшылығы кәсіби емес бітімгерлердің оқуын өткізді. Шара барысында ел ішінде кездесетін дау-жанжалдарды шешу жолдары жан-жақты түсіндірілді.

Ботакөз Төребекова Арқалықтағы жалғыз кәсіби бітімгер. Өткен жылы облыстан білімін жетілдіріп келген маман осы кезге дейін 150-дей әкімшілік іс қарап, қоғамға қолғабысын тиізіпті. Жалпы, кәсіби медиаторлардың бас бостандығынан айыру жазасы 5 жылдан аспайтын орта және жеңіл дәрежедегі қылмыстарды қарауға құқы бар. Оқыту соңында кәсіби емес бітімгерлерге сертификаттар табысталды.
Мұрат
ЖҮНІСҰЛЫ
Арқалық қаласы.