Тәртіп бұзба, жолаушы
Қостанай қалалық ІІБ жергілікті полиция қызметкерлері еріктілермен бірлесіп, "Балалардың жолдағы қауіпсіздігі" республикалық акциясы аясында рейд өткізді. Қала орталығындағы көшелерді бақылап, ереже бұзған жаяу жүргіншілерді әшкереледі.

Мақсат – белгіленбеген жерден жүгіріп өтуді әдетке айналдырған жаяу жүргіншілерге ескерту жасау. Фотоаппаратпен қаруланған студенттер ереже бұзушылықтардың ешқайсысын кадрдан тыс қалдырмады. 1 сағатқа толар-толмас уақыт ішінде 10 жаяу адам ЖЖЕ бұзды. Әрқайсысына әкімшілік хаттама толтырылып, ескертпе жүргізілді.

