Мешітке автокөлік сыйлады
Аманкелді және Жанкелдин аудандарының 90 жылдық мерейтойына Аманкелді ауданының Сатыбалды ишан мешітіне сонау Меккеден қасиетті қара тасты жауып тұратын «кисуа» сыйға тартылды.
Оны «Нұр Қазақстан» қажылық компаниясының президенті Аманкелді қажы Еренғайыпұлы салтанатты түрде табыс етті. Осындағы жұма намазына арнайы қатысқан облыстың бас имамы Бахытбек Нұрғабылұлы барша қауымға ең ізгі тілегін білдіріп, әсерлі уағыз айтты.
Сонымен қатар Жанкелдин ауданының Оспан қожа әулие мешітіне Қайрат Дильханов, Ғабит Мұқанов, Асылболат Мырзағалиев т.б. демеушілердің қолдауымен жаңа автокөлікті табыс етті.Осылайша, торғайлық ағайындар қос мереке кезінде ерекше қуанышқа бөленді. Демеуші болған бауырларымызға тек Алланың нұры жауа берсін.
ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі