Студенттермен кездесті
А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде «Исламдағы жат ағымдар» атты ұлтаралық және конфессияаралық мәдениетін дамытуға бағытталған дәріс өткізілді. Іс-шараға Қостанай мемлекеттік университетінің жанындағы Этникааралық және конфессияаралық келісім мәселелерін зерттеу орталығының жетекшісі Жангелді Шаукенов, Қостанай қалалық мешіттің наиб-имамы, дінтану магистрі Дүйсен Сәрінжіпұлы, Қостанай облыстық әкімдігінің Дін істері басқармасының бас маманы Сапарғали Абдиев қатысты. Этникааралық және конфессияаралық келісімді нығайту мәселелері жайында мамандар сөз сөйлеп, осы турасында жастар арасындағы проблемаларды талқылады. Дәріске қатысушылар сұрақ қойып, пікір алмасып отырды.