Әлеуметтік нысандарға жылу берілді
Бұл туралы "ҚЖЭК" МКМ баспасөз хатшысы Салтанат Қасенова айтты, – деп жазады "Костанайские новости" тілшісі.
"Бүгіндері 133 әлеуметтік нысанның (мектептер, балабақшалар, медициналық мекемелер және т.б.) 62-не жылу берілді. Қалған нысандар жылу қосуға дайын екенімізден хабардар еттік. Нақ қазіргі уақытта олар әзірге қажетсінбейтіндіктерін айтып отыр", – дейді Қасенова.
Бұған дейін Қостанай қаласының әкімі Базыл Жақыпов барлық ПИТК мен коммуналшыларға жылыту маусымына дайындалуды тапсырған болатын. Әсіресе, көпқабатты үйлерді қалалық жылыту жүйесіне дұрыс қосылуын жіті қадағалау керектігі айтылған. "Ауа райының жылылығына қарап, босаңсуға болмайды. Былтыр үйлерге жылу беруді біз осы кезде бастаған едік", – деді ол.