17 адам тілсіз жаудың құрбаны болған

Өңірлік коммуникациялар орталығында өткен брифингте облыстық ТЖД басшысының орынбасары Азамат Орымбаев жылыту маусыма дайындық шаралары мен ағымдағы жылдың тоғыз айында атқарылған жұмыстар туралы айтып берді.
орымбаев2
Айтуынша, ағымдағы жылдың 9 айы ішінде облыста 824 өрт оқиғасы тіркелген, салдарынан 17 адам қайтыс болған. Ал, келтірілген материалдық залал 69,1 млн. теңгеден асқан. Өрт оқиғаларының 65 пайызы (540 өрт оқиғасы) тұрғын үй секторында орын алып, тілсіз жауды ауыздықтау кезінде 37 адам құтқарылды. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өрт және өлім-жітім деңгейінің көрсеткіші дәл осындай, бірақ материалдық шығын көлемі  6% -ға артқан.
-Тілсіз жаудың туындауына көбіне отпен абайсыздық таныту, өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу және мас күйінде шылым шегу сияқты жәйттер басты себеп болып жатады. Сондай-ақ, жеке сектордағы үйлердегі пештерді дұрыс пайдаланбаудың салдары да өрт оқиғаларының пайда болуына және улануға әкеп жатады. Әсіресе, жылу пештерін мамандардың көмегінсіз орнату да қайғылы жағдайларға әкелуде, – дейді А.Орымбаев.
Жыл басынан бері департамент мамандары 22 мыңнан астам жеке сектордағы үйлердің тұрғындарымен кездесіп, 52 мыңнан астам түсіндіру және алдын алу жұмыстары туралы үнпарақтар таратқан. Түсіндіру жұмыстары жергілікті әкімдік пен ЖПИК өкілдерімен бірлесіп өткізілді. Осындай жұмыстардың нәтижесінде тұрмысқа қолайсыз сегіз мыңнан астам адам тіркеуге алынған әрі мұндай отбасылардағы қайтыс болу деректері 6 есеге қысқарған.
Айтпақшы, облыстық ТЖД мамандары 14 қыркүйектен бастап, яғни жылыту маусымы қарсаңында жеке сектордағы тұрғын үйлерде өрттердің алдын алу мақсатында, сонымен қатар өрттерден жеке мүлікті және азаматтардың өмірін қорғау мақсатында өрт қауіпсіздік айлығын өткізуде.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓