“Қостанай таңына” көптеп жазылуда

Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық  колледжі  баспа-сөзге жазылу науқанымен  келген облыстық "Қостанай таңы" газетінің өкілдерін жылы шыраймен қарсы алды. Колледж директоры, Қазақстан халқы ассам-блеясының мүшесі С.Тасмағанбет баспасөзге жазылуға ұжымның асқан белсенділік танытып отырғанын тілге тиек етті.
– Облыстың тыныс тіршілігін толықтай қамтып отырған "Қостанай таңы" газетінің БАҚ ішінде алар орны айрықша. Нақты дәйекпен айтқанда ұжым осыған дейін облыстық "Қостанай таңы" газетінің 11 данасын жаздырып келсе,  алдағы  2015  жылға оны 5 данаға арттырып отыр. Осылайша біз "Қостанай таңына" жазылуды жылма жыл арттыра беруді мақсат етіп отырмыз, – дейді "Қостанай таңының" жанашыры, колледж директоры Сабыржан Нұрсалиұлы нық сеніммен.
Кездесу барысында газет өкілдері ұжымның ыстық ықыласына ризашылықтарын білдіріп, ұстаздар қауымын облыс айнасын ел арасында насихаттай жүруге үндеді.
Мұрат
      ЖҮНІСҰЛЫ
Арқалық қаласы. 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓