Адами капиталды дамыту қажет
Облыстық достық үйінде «QazTalks» азаматтық қоғамының үшінші ашық конференциясы өтті. Сарапшылар Қазақстандағы адами капиталдың дамыту мәселелерін және білім саласындағы түйткілдерді талқылады.
"Елбасы жаһандану заманында мемлекетіміздің эволюциялық дамуына қажетті білімді жетілдіру керек екенін атап өтті. Бұл жерде біз адами капиталдың білім саласындағы жағдайды қалыптастыру туралы айтамыз. Адами капитал сезілмейді, көрінбейді, бірақ оның жетіспеушілігі ең алдымен экономикалық дамуға айтарлықтай әсер етеді. Білімді бағаламау, адами капиталды қалыптастырмау еліміздің ертеңіне қауіп төндіреді. Егер біз білімді қазірден бастап дәріптемесек, онда біз адамзат өркениетін одан әрі дамыта алмаймыз", – деді А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ-нің философия кафедрасының аға оқытушысы Денис Качеев.
Ол ертеңгі күнгі еліміздің экономикасы адами капиталға негізделетініне сенімді.
Қазақстандағы білім саласын дамытудағы мәселелерді шешу мақсатында Қостанай қаласындағы №3 гимназия директорының орынбасары Әміржан Жұмабеков академиялық және кейінгі қызмет түрлерін қамтитын рухани-адамгершілік білім берудің біртұтас кеңістігін құруды ұсынды.
"Мектеп – үлкен өмірге қажетті дағдыларды қалыптастыратын база. Үш тұғырлы тілге көшу – өте маңызды процесс. Мұның бәрі білім беру мазмұнын жаңартуға көмектеседі. Себебі, бұл девальвацияға және инфляцияға ешқандай зиян келтірмейді. Керісінше, оқушылардың болашақта үлкен девиденттер алуына мүмкіндік береді, – дейді Әміржан Жұмабеков.
Әсел ҚИБАШ
Суретті түсірген Бағдат Ахметбеков