Қостанайлық спортшы – әлем чемпионы

Италияның Йезоло қаласында кадеттер мен жастар арасында кикбоксингтен әлем чемпионаты өтті. 56 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен қостанайлық Дарья Гринь алтын медаль иегері атанды. Туған жеріне келген чемпион қызды туғандары мен бапкерлері қарсы алды. Толығырақ келесі бейнматераилда.
IMG-20180926-WA0049
 
– Спортта жетістікке жету үлкен күш-қуат пен жігерлік қажет. Мені үлкен спортқа әкем бағыттады. Биік тұғырдан көріну спортшыға өзіне деген сенімділігін арттыруға септігін тигізеді. Сонымен қатар, кеңесін айтып, жеңісті жолға бағыттайтын білікті  бапкерлеріме алғысым шексіз. Негізі, Қостанай өңірінде халықаралық ареналарда чемпиондарды шығарған бапкерлер жетерлік, – дейді чемпион қыз.
Дарья Гринь Йезоло қаласындағы жарыста 2000 спортшының ішінен озық шықты. Жарысқа әлемнің 65 елінен қатысушылар келді.
Дарья осы уақытқа дейін әлемнің бірнеше елінде бақ сынап, тәжірибе жинап қайтты. Алдағы уақытта да талантты қызды бірнеше дүбрлі додалар күтіп тұр.
 
Суретті түсірген Сергей Миронов 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓