Атқарылған жұмыстар көңіл көншітеді

2015 жылы өңірде атқарылған жұмыстар аз болмады. Қолжеткізген көрсеткіштер де көңіл көншітеді. Мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар да уақытылы жүзеге асырылуда. Инвестиция да тартылуда. ҰБТ-ғы көрсеткіш те жаман емес. Облыс әкімдігінде өткен кеңейтілген мәжілісте өңір басшысы А.Мұхамбетов қала, аудан әкімдеріне атқарған жұмыстары үшін оң баға берді.IMG_9208
Бүгінде өңірде орта және шағын бизнес қарқынды дамып келеді. Облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы М.Сөкітбаевтың айтуынша, биыл шағын несиелендіруге 3 млрд. астам қаржы бөлінген. Бұл қаражат 2011 жылмен салыстырғанда 4 есеге көп. Әсіресе, өңірде шағын несие алып, соның арқасында кәсіп ашып, не болмаса бар бизнесін одан әрі дамытуға ниеттілердің қатары артып келе жатқан көрінеді. “Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020” бағдарламасы бойынша бөлінген 1,3 млрд. теңге де шағын несиелендіруге жұмсалмақ. Қазіргі күнге дейін аймақ азаматтарынан шағын несие алуға қатысты 264 өтініш түссе, соның 126-сына 282 млн. теңге шағын несие берілген.бжк
-“Бизнестің жол картасы-2020” бағдарламасы шеңберінде шілде айынан бастап шағын кәсіпкерлікті несиелеу механизмдері іске асырылады. Ол үшін ел қазынасынан 169 млн.теңге қарастырылған. Осы мақсатта қазір республикалық және жергілікті деңгейде несиелік келісім-шарттар жасалуда. Шағын несиелендіруге бөлінген қаражат ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының есеп-шотына аударылды. Бағдарламаға шартына сәйкес, несиенің жылдық мөлшерлемесі 12 пайыздан аспауы тиіс болатын. Осы орайда, яғни пайыздық үстемесін төмендету мақсатында шағын қаржылық ұйымдарымен келіссөздер жүргізілді. Нәтижесінде, ол 8,5 пайыз деңгейінде белгіленді. Қазіргі таңда қаржылық қормен кепілге қоятын мүліктерді бағалау жұмыстары жүргізілуде, – дейді М.Сөкітбаев.
Облыс әкімі А.Мұхамбетов те сала басшыларына мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдауды қалт жіберіп алмас үшін тұрғындарды бағдарламаға қатысуға барынша тарту қажеттігін жеткізді. Ол үшін басқарма өкілдері аудан, ауылдарды аралап, жергілікті халыққа әлі де түсіндіру жұмыстарын жалғастыруды ескертті.
Жалпы, “Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020” бағдарламасы бойынша биыл өңірге 4 млрд.782 млн. теңге бөлініп отыр. Соның 2 млрд. астамы бағдарламаның бірінші бағытына, яғни тұрғын үй шаруашылық және инфрақұрылымдарды дамыту арқылы халықты жұмыспен қамтуға жұмсалмақ. Сондай-ақ, бағдарламаның үшінші траншы бойынша бөлінгелі отырған 1 млрд. теңге 15 жобаны қаржыландыруға жұмсалады.
-Соның ішінде екінші транш бойынша бастау алған жеті жобаға да қаржы қарастырылып отыр. Мәселен, Құшмұрындағы балабақша, Қарабалық ауданындағы Боскөл орта мектебі, Затобол кентіндегі №20 мектеп, Федоровтағы Баннов орта мектебі, Қостанай қаласындағы №14 және №115 білім ошақтары мен Мәуленов көшесі бойында орналасқан тұрғылықты мекенжайы жоқ жандарға арналған мекеменің жөндеу жұмыстарына жұмсалатын болады. Бүгінде 8 жобаға қаржы бөлінді, тек мемлекеттік сатып алуды өткізу керек, – дейді Г.Әбенова.
Басқарма басшысының сөзінше, мұның сыртында нысандардың инфрақұрылымдарын жөндеуге де республика қазынасынан 1млрд.655 млн.теңге бөлініп отыр. Облыс әкімі аудан, қала басшыларына бұл бөлінген қаражаттың көзделген мақсаттарға жұмсалып әрі уақытылы игерілуіне баса ден қою керектігін қадап тапсырды.
-Негізгі басымдық жөнделген нысандардың көшелерін жарықтандырудан гөрі, жолдарына берілуі керек. Көшелерді айтарлықтай жарықтандырудың қажеті жоқ, оны ұстап тұру да оңай емес, электр қуатына қаншама қаражат төлеу керек болады, сондықтан қосымша шығын болатынын да ұмытпаңыздар. Ең бастысы, құрылыстың сапасына әрі бөлінген қаражаттың дер кезінде игерілуіне баса мән беріңіздер. Үшінші транш бойынша бөлінген қаражат жақында келіп түседі, сондықтан тағы да қайталап айтамын, жобаларға барынша мұқият болыңыздар. Жалпы, 2015 жылы атқарылған жұмыстардың нәтижесі жаман емес. Атқарылған игілікті жұмыстар үшін аудан, қала әкімдеріне алғыс айтамын. Бірақ, арқаны кеңге салмай, жеткен жетістіктерді әріқарай жалғастыра беруіміз керек,- деді облыс әкімі А.Мұхамбетов.
 
Қарлығаш ОСПАНОВА

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓