Экономикаға екпін бермек
Инвестициялық жобалардың арқасында өңір экономикасына шамамен 380 млрд теңге салынып, 1,7 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны ашылады. Бұл туралы Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Облыс әкімі А.Мұхамбетов Индустриялық аймақ аумағында инвесторлармен және мемлекеттік органдармен кезекті көшпелі кеңес өткізді. Мақсат – инвестициялық жобаларды іске асыру барысында туындайтын мәселелерге үңілу, жергілікті атқарушы орган ретінде жаңа өндірістерді уақтылы іске қосу үшін инвесторларға жәрдем көрсету, бірлескен шешімдер әзірлеу."Тараптар "КАМАЗ" ЖАҚ-мен бірлесіп салынып жатқан автоқұрамдауыштар шығаратын екі зауыт құрылысының ағымдағы мәселелерін талқылады. Сондай-ақ, жүк көліктерінің қосалқы бөлшектері өндірісін оқшаулауға бағытталған үшінші жобаны іске асыру туралы келіссөздер жүргізілуде. Бұл ретте жүк көліктерінің сервистік және көліктік-логистикалық орталығын салу жоспарда бар. Бұл жоба "КАМАЗ" ЖАҚ мен "AUTOCARGOKZ" компаниясы бірлесіп құрған бастамалардың жалғасы есептеледі. Оның мақсаты – жоспарланған "КАМАЗ" зауыттарынан және басқа да машина құрылысы кәсіпорындарынан шығарылатын өнімді тасымалдау бойынша көлік-логистикалық қызметтер көрсету", – делінеді хабарламада.Бұдан бұрын мәлімделгендей, 2023 жылға қарай компанияның автопаркінде 250 техника болады, 2025 жылға қарай жүк көліктері санын1,5 мыңға дейін ұлғайту жоспарлануда.Сонымен қатар, жиында Минск трактор зауытымен бірлесіп жүзеге асырылатын жобалар қарастырылды. Құрастырылып жатқан "Беларусь" маркалы тракторлар өндірісі үшін биыл кабина шығаратын зауыт іске қосылады деп көзделіп отыр."Индустриялық аймақ сыртқы инвесторлар үшін ғана емес, отандық бизнес субъектілері үшін де инфрақұрылымдық алаң болып саналады. Мәселен, "TEHNOPARK KZ" ЖШС коммерциялық техника шығаратын зауыттың құрылысын бастады. Бұл жоба ресейлік "Луидор" компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылуда. "СарыарқаАвтоПром" ЖШС автомобиль шанақтарын штамптау өндірісін ұйымдастыруға бағытталған жоба пысықталуда. Аталған бастамалар өңірдің машина жасау кластерінің дамуына оң әсерін тигізеді. Осы жобалардың арқасында өңір экономикасына шамамен 380 млрд теңге салынып, 1,7 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны құрылады", – деп жазады баспасөз қызметі.
Бұдан кейін аймақ басшысы Қостанай қаласындағы Мұз сарайына барды. Құрылыс алаңы 8 мың шаршы метрден астам болатын нысан 2500 орынға есептелген. Сарай толығымен дайын.
Бұдан кейін аймақ басшысы Қостанай қаласындағы Мұз сарайына барды. Құрылыс алаңы 8 мың шаршы метрден астам болатын нысан 2500 орынға есептелген. Сарай толығымен дайын.
Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев