Қос қылмыстың алдын алды

Қостанай қаласы ІІБ жол-патрульдік полициясы батальонының тәжірибелі қызметкері, полиция старшинасы Нұрлыбек Байкенжин және оның көмекшісі кіші сержант Жасұлан Жүсіпов екі түнде екі қылмыстың алдын алды. Тонаушының ізі кесіліп, көлік ұрлаушылар құрықталған. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлайды.42878937_2086295205019354_5494981678193442816_o
Олар 24 қыркүйек күні қаланың оңтүстік бөлігінің тыныштығын күзетуге шыққан.
"Шамамен сағат 23.00-де қаланың орталық бөлігінде Толстой көшесіндегі үй ауласынан "Мерседес" көлігінің ұрланғаны туралы хабарлама алдық. Күдікті КЖБИ шағын ауданына қарай бет алған. Біз ол кезде Жауыргер-интернационалистер және Жастар көшелері қиылысында едік", – дейді кіші сержант Ж.Жүсіпов.
Полиция патрулі дереу Абай көшесіне түсіп, ұрланған "Мерседесті" Быковский көшесі қиылысында ұшырастырған. Көліктің соңына түсіп, кейін дыбыс зорайтқышпен күдіктінің тоқтауын талап етеді. Рөлдегі адам амалсыз полицейлер бұйрығын орындаған. Тізгінде мас еркек болған. Тергеу барысында оның электронды кілтін қолды ету арқылы танысының көлігін айдап кеткені анықталды. Қазір сотқа дейінгі тексеру шаралары жүріп жатыр.
Келесі күні серіктестер тағы да түнгі кезекшілікке шыққан. Түн жарымында №16 орта мектеп ауласында әлдебір қыздың көмек сұрап жатқаны туралы хабарлама алады. Нұрлыбе пен Жасұлан екіге бөлініп, оқиға орнына аттанады. Жас полицей қызмет көлігімен, ал старшина жаяу бет алған. Жәбірленуші тауып алған олар қыздан мән-жайды біледі. Жапа шегуші жұмыстан үйіне келе жатқан. Алдынан әлдебір жігіт кездесіп, оның телефонынан қоңырау шалып жіберуді өтінген. Бейтанысқа сенген қыз телефонын ұсынысымен ол қаша жөнеліпті. Шошына жылаған қыз күдікті беттеген жақты нақты көрсете алмаған.
"Біз 8-шағын ауданның таяудағы аулаларын сүзуге кірістік. Кенет үйлердің бірінің дәлізіне жүгіріп кірген ер адамды байқадық. Ақырында күдікті сол болып шықты. Дереу қолға түсіріп, тергеу-жедел алдын алу тобының қызметкерлеріне тапсырылды", – деді Н.Байкенжин.
Анықталғандай, күдікті бұған дейін де осындай қылмыспен ұсталған болып шықты. Ұрланған телефон иесіне қайтарылды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓