Думан аясындағы дөңгелек үстел
Қостанай облысының ТЖД Қазақстан аумағындағы халықаралық мереке және мәдени аралық қарым-қатынас ретінде қалыптасқан Наурыз мерекесін мерекелеу тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шара шегінде Департамент тің МТжАТ бас маманы Ш. Исембаева баяндама оқыды, ол мағыналы тағдыры бар Наурыз мерекесінің тарихы туралы айтып берді. Оның айтуынша, бүгінгі күні Наурыз мейрамы Қазақстанның ұлттық және мемлекеттік мерекесі дәрежесін алды. Қазіргі кезде "Наурыз мейрамы" жалпы халықтың көктемгі, еңбек және бірлік мерекесі. Бүгін бұл мереке Қазақстанда тұратын қазақ, украин, орыс, неміс және елдің басқа да 126 ұлт өкілдеріне бірдей қымбат.
Департамент бастығының орынбасары азаматтық қорғау подполковнигі А. Орымбаев қытысушылардың назарын аудара отырып: «Қазақстан – толерантты ел, онда әртүрлі діни концессиялардың мерекелері бірдей қуанышпен аталады. БҰҰ Бас Ассамблеясында 11 елдің бастауымен, соның ішінде Қазақстан да бар, 2010 жылдың ақпанында Наурыз мерекесіне халықаралық күн дәрежесін беру туралы резолюция қабылданғаны аса маңызды»,-деген пікірлерін айтты.
Дөңгелек үстел қатысушылары, бүгін Қазақстан саясатының негізгі идеясы болып келетін толеранттылықты дамыту түйінінің аса маңыздылығын атап кетті. Бұл мереке жас ұрпақ арасында, және де отбасы ішінде бірлік пен ынтымақтастық құндылығын дамытуға, сонымен бірге халықтар мен әртүрлі қауыдастықтар арасында мәдени әртүрлілікті сақтауға және достастықты нығайтуға себін тигізетін бірлік пен көршілердің достастығының жағдайын жасайды.
Қостанай облысының ТЖД МТжАТ