Жауапкершілік жалпыға ортақ міндет

Сот төрағасы С.Тажкеновтың төрағалығымен дөңгелек үстел басында әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді “Сот кабинеті” сервисі арқылы жолдау ерекшіліктері тақырыбында әңгіме өрбіді.
Оған аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері, әділет басқармасының өкілдері, мемлекеттік кірістер басқармасының жауапты тұлғалары және аудандық аумақтық сот орындаушылар бөлімінің қызметкерлері қатысты.IMG_9220
Сот төрағасы Сабыр Жүнісханұлы күн тәртібіндегі тақырып бойынша жұмыстарды арттыру, сыбайлас жемқорлық алдын алу шараларын күшейту турасында түсінік беріп, оны жүзеге асыру жолдарына тоқталды.
Әңгіме барысында сот төрағасы қатысушылар тарапынан қойылған бірқатар сұрақтарға тиісті жауап беріп, бұл төңіректегі мәселе үнемі бақылауда болуы керектігін тілге тиек етті.
 
Байбатыр НИЯЗБЕКҰЛЫ
Жанкелдин ауданы 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓