“Уақыт” алдын алу шарасы

Қостанай қаласында қылмыстық-атқару инспекциясы қызметінің жоспарына сәйкес 11 тамыздан бастап "Уақыт" алдын алу шарасы өтуде. Аталмыш шара аясында бас бостандығынан айырусыз жазаға кесілген сотталғандардың арасындағы құқықбұзушылықтар мен қайталанған қылмыстардың алдын алу жұмыстарына ерекше көңіл бөлінуде. Жазаны өтеу тәртібін бұзуға жақын сотталғандар бақылауда болмақ. 
заңЖасаған ұрлығы үшін үш жыл бас бостандығынан айырылған И.Долговтың жұмыс уақытынан кейін сотпен бекітілген міндетті бұза отырып тиісті уақытта үйінде болмағаны анықталды.
Қостанай қаласының қылмыстық-атқару инспекциясының есебінде тұрған, шарт-ты түрде бас бостандығынан айырылған С.Белов инспекцияға ескертусіз тұрғылықты мекенжайын ауыстырған. Бұл да жазаны өтеу тәртібін бұзушылық болып табылады. Сот жүктеген міндеттерді сотталушы орындамаған жағдайда, қоғамнан алыстату жазасын жойып, оны бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуге жіберу мүмкіндігі қарастырылған.   Қостанай қаласының аумағынан шыққан және қылмыстық-атқару инспекциясының бақылауынан жалтарған Ф.Васильевке Қостанай қалалық №2 сотымен іздеу жарияланып, тұтқындау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Тұтқынға алынған оның ұялы телефонды ұрлағаны үшін белгіленген бас бостандығын шектеу түріндегі жазасы бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды.
Соттың шешімімен белгіленген бас   бостандығынан шектеусіз жазасына қарамастан, кейбір сотталғандар өздерін жазасыз қалғандай болып сезінеді. Нәтижесінде, олар берілген мүмкіндікті бағаламай, әкімшілік және басқа де құқықбұзушылыққа барып, тәртіп пен жазаны өтеу талаптарын бұзады.  Мұндай іс-әрекеттерге жол жоқ. Қылмыстық-атқару инспекциясының қызметі сотталғандардың жауапкершілігін арттыруға, тәртіпті қалыптастыруға бағытталған. 
Қымбат
        ДОСЖАНОВА
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓