Шекараны қорғау ережесін бұзған

Қостанай гарнизонының әскери сотында 31-тамызда ҚК-нің 445 бабының 1 бөлімімен көзделген қылмысты жасағаны үшін айыпталған 2032 әскери бөлімнің келісім-шарт бойынша әскери қызметшісі кіші сержант Қ.Д. Көменге үкім шығарылды.сот
Қызметтік міндеттеріне сәйкес, айыпталушы өткізу бекеті арқылы шекара асатын тұлғалардың құжаттарын тексеруге және оларды шын құжаттар бойынша мемлекеттік шекарадан өткізуге жауапты еді.
Көмен  биыл 30-наурызда «Жаңа жол» автомобильдік шекара бақылау бөлімнің құрамындағы тұлға ретінде ҚР мемлекеттік шекарасы арқылы РФ аумағына бөтен құжатты пайдаланған азамат Б.Ж. Асылбековты кедергісіз өткізіп жіберді.
Әскери соттың үкімімен ол қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Сот ҚК-нің 445-бабының ескертуін қолдануда, ол онша ауыр емес қылмысты алғаш рет жасағанын, сол әрекеті үшін өкінетінін, бұрын сотталмағандығын назарға алып, оны қылмыстық жауаптылықтан босатты.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓