Рудныйлық хоккейшілер “Б” тобында

24 тамызда Көкшетау және Теміртау қалаларында шайбалы хоккейден ХII ел чемпионаты басталды. Қос қаладағы спорт додасына Рудный қаласының "Горняк" хоккей командасы қатысуда.
хокейЕл кубогының топтық ойындары Көкшетау мен Теміртауда өтуде. "Горняк" командасы "Б" тобында ойнайды. Аталмыш топта "Арлан" (Көкшетау), "Бейбарыс" (Атырау), "Беркут" (Қарағанды) және "Торпедо" (Өскемен) командалары бар. "Б" тобының матчы Көкшетау қаласында болады. Кеншілер қаласының хоккейшілері үшін "Бейбарыс" командасы ең басты қарсылас болмақ. Бұл туралы "Горняк" командасының тренерлік құрамы жергілікті журналистермен жүздескенде айтқан болатын. 
Қымбат
        ДОСЖАНОВА
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓