Аманқарағайдағы алапат өрт: қауіптің беті қайтқан жоқ
Қостанай облысының Әулиекөл ауданындағы табиғи апат ләі бой берер емес. Қазір басқа ауылдарға қауіп төніп тұр.
2 мың шақты адамды баспанадан айрыған алапат өрттің ауыздықталар түрі жоқ.
«Өрт Қазанбасы ауылын жетіп қалды. Көмекке әзірге ешкім келген жоқ. Халық өз күшімен күресіп жатыр. Ал билік өкілдері Президентті күтіп алумен әуре болып жүр. Қазір ауыл тұрғындары шарасыз күйде отыр. Өрттің екпіні қатты. Өте қорқынышты», – деді Балғара Есқарев атты ауыл тұрғыны.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметі берген соңғы ақпарат бойынша, Бағаналы ауылын өрттен құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Желдің екпіні өрт сөндірушілерге орманды қызыл жалыннан құтқаруда мүмкіндік бермеуде.
«Дәл қазір Бағаналы және Қазанбасы ауылының тұрғындарын қауіпсіз жерге көшіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оқиға орнында 500 шақты адам, 10 техника, 3 тікұшақ жұмыс істеп жатыр», –
Ал ТЖД баспасөз қызметі өрттің Әулиекөл ауданына қарасты Басағалы ауылына да жақындап қалғанын хабарлауда. Департамент өкілдерінің хабарлауынша, бүкіл күштік құрылым тілсіз жауды ауыздықтауға жұмылдырылуда.
Сонддай-ақ, Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті өрттен зардап шеккен тұрғындарға тиесілі әлеуметтік төмедерді бүгін аудармақ.
«Республикалық бюджеттен қыркүйек айында берілетін зейнетақы, жәрдемақы бүгін аударылады. Бұл респбуликалық деңгейде шешілді. Бас-аяғы 8 447 адам. Яғни өрттен зардап шеккендер ғана емес, ауданның бүкіл тұрғынына төленеді. Оның ішінде 6 мың зейнеткер, 388 көпбалалы ана және басқалары төлемді алдын ал алмақ», – деді департамент басшысы Айнұр Сатаева.
Мұның сыртында Еңбек министрлігі жұмыссыз қалғандарға ақылы демалыс жарияламақ.