“Қостанай таңы” сайты марапатталды

"Мирас" МҮ-де "Тіл – рухани қазына" атты шара өтіп, мемлекеттік тілді дамытуға үлес қосқан тұлғалар мен ұжымдар марапатталды. Еңбегі еленгендердің қатарында "Қостанай таңы" облыстық газетінің ресми сайты бар.IMG_3336
Бұл жиын тілдер күніне орай облыс көлемінде өткен іс-шараларды қорытындылауға арналды. Тағы бір мақсаты – мемлекеттік тілді дамытуға қомақты үлес қосқандарды ардақтау. Шараға өңірдің әр түкпірінен жиылған қонақтарға мерекелік лебіздер айтып, ән-күймен қошеметтеу де жылдағы дәстүрше жүзеге асты.
– Облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтің атынан баршаңызды Тілдер күнімен құттықтауға рұқсат етіңіздер. Биыл бұл мереке ұлт көсемі Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне, яғни 5 қыркүйекке ауыстырылып, ауқымды атап өтілді. Бұл датаға орай облыс бойынша 200-ге жуық іс-шара ұйымдастырылған. Бәрінің ортақ міндеті – еліміздегі тілдерге құрмет көрсетіп, мемлекеттік тілдің мерейін үстем ету. Жалпы, Қостанайда тілдерді оқытатын 20 база жұмыс істейді. Қазақстандағы барлық тіл заңмен қорғалған, ал солардың ең басты атрибуты, туы, елтаңбасы іспеттісі – қазақ тілі, – деді құттықтау сөзінде облыс әкімінің орынбасары Ерлан Спанов. IMG_3316Ол мұнан кейін ерек еңбегі үшін елеулі тұлғаларды, ұжымдарды түрлі аталым бойынша марапаттады. Атап айтқанда, облыс әкімінің арнайы сыйлығымен (70 мың) қаламгер Ғұмар Ахметчин, "Тілдің туын көтерген" аталымындағы сыйлыққа белгілі журналист Оразалы Жақсанов, "Үміт-Надежда" қоғамдық қорының жетешісі Аруна Жақсығұлова ие болды. Аудан-қалалардағы тіл бөлімдерінің басшыларының да жыл бойғы еңбегі еленді. "Қостанай таңы" газетінің ресми сайтының ұжымы "Көрген көзде жазық жоқ" айдарының, "Латын әліпбиіне көшіңіз" транслитерациялық қосымшасының жемісті жұмысы үшін "Тіл тілекшісі" аталымы бойынша марапатталды.  алг  Облыс өнерпаздары жүлдегерлерге арнап тартымды концерттік бағдарлама тарту етті.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓