Жаңа жылдың алғашқы түні Қостанайда 8 сәби дүниеге келді
Соңғы 5 жылда елімізде ана мен бала өлімі 3 есе азайып, туу көрсеткіші 1,5 есе көбейді. Соның арқасында 15 жылда халықтың саны 14-тен 17 млнға жетті.

Бірі – 3,5 екіншісі – 3,3 келі салмақпен туған сәбилер Қостанайдағы қой жылы дүниеге келген алғашқы ұл мен қыз.
Астрологтар қой жылы дүние есігін ашқан балалар өзгелермен тез тіл табыса біледі, сәнді киінуді ұнатады. Сезгіш, өнер тапқыш, қиялға бай болады. Алайда, ерке, қыңыр, құбылмалы болады. Бұл жылы туғандар суретші, актер, бағбан сынды мамандықтарды таңдайды дейді.

Қазақтар қой жылын жақсы жыл санайды. Өткен қой жылдары халыққа жайлы болған, ел молшылыққа кенелген. Қазақстан 1991 – қой жылы тәуелсіз ел атанды. Ахмет Байтұрсынов қой жылы (1873) дүниеге келді.
Мешіт Ғазиз