Даму тұрақты

Рудный қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2018 жылдың қаңтар-тамыз айларындағы қорытындысы шығарылды.Рудный
Осы аралықта өнеркәсіп өндірісі өнімінің қолданыстағы баға барысындағы көлемі 209 миллиард 674 миллион теңгені құраған. Өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі – 115,6 пайыз. Қаланың өнеркәсіп өнімінің облыстық көлеміндегі үлесі – 37,4 пайыз.
Ағымдағы жылдың қаңтар-тамыз айларындағы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 32 799 миллион, атқарылған құрылыс жұмыстарының көлемі 4 992 миллион теңгеге жетті.Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы аумағы 20 935 шаршы метрді құрады немесе өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 100,5 пайызға тең.
Рудный сегіз айда 2 836,3 миллион теңгенің ауыл шаруашылық өнімдерін өндірді. Бөлшек сауда айналымының деңгейі болса 32 миллиард 967 миллион теңгені құрап, облыстағы үлесі – 17 пайыздан асты.
 
Қуаныш ЕСҚАБЫЛ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓