Қырғызды құтқарып қалған

Қырғызстан Республикасы Бішкек қаласының тұрғыны Ташполат Хасанов Қостанай облысы ІІД-нің баспасөз қызметіне хабарласты. Ондағы мақсаты – өзін келеңсіздіктен құтқарған жол-патрульдік полициясы батальонының қызметкерлері аға сержанттар Берік Байкенов пен Арман Жолмағамбетовке алғысын білдіру. 24 қыркүйекте сағат 12.00 кезінде Қостанай-Әулиекөл-Сұрған тасжолында қырғызстандық тізгіндеген жүк көлігі тіркемесінің артқы дөңгелегі өртенген. Абырой болғанда бір бағытта жолдары түйіскен полицейлер отқа орана бастаған тіркемені сөндіруге кіріскен.Арман ЖОЛМАГАМБЕТОВ и Берик БАЙКЕНОВ
Т.Хасанов телефон арқылы батальон қызметкерлеріне тебіреніспен алғысын жеткізді.
"Егер полицейлер болмағанда мұның бәрі қалай аяқталарын кім білсін. Жақын маңайда елді мекен болған жоқ, тек сіздердің жігіттер көмектесті. Мен бұл елдікі емеспін, сондықтан қандай да бір жәрдем шақыруға телефоным желі ауламайды, – дейді ол.W62An7gg0cI
Тәртіп сақшылары өрт шалған фураны көре салысымен тас жолдағы қозғалысқа уақытша шектеу қойған. Өткен-кеткен көлік жүргізушілерінен қосымша өрт сөндіргіштер алып, соның арқасында тілсіз жауды тұмшалау мүмкін болды. Жүргізушілер де өртпен жан-дәрмен арпалысқан полицейлерге көмектескен. Тәртіп сақшылары қырғызстандықтың көлігінің дөңгелегін ауыстыруға да жәрдем көрсетіпті. 
Берік пен Арман мұндай жағдайға бірінші рет тап болғанын айтты. Ал Ташполат облыстық ІІД басшылығынан аталған қызметкерлерді ерекше атап өтуді өтініп отыр.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓