Ұрылар кейуананы өлтірді
Қостанайда қаскөйлер 64 жастағы зейнеткерді аяусыз өлтірген. Марқұмның денесі 28 шілде күні өз үйінен табылды. Тәпртіп сақшыларының дереу іздестіруі барысында үш күдікті қолға түсті. Олардың біреуі әйел адам. Бәрі де бұрындары қылмысқа тартылғандар. -Тергеу барысында қылмыскерлердің әуелі арақ ішіп, сосын ұрлыққа түскендері анықталды. Олар жақын маңдағы кейуананың үйіне көз тіккен. Мезгілсіз қонақтарға есік ашқан қарт кісіні қарақшылар аяусыз ұрып-соғып, кейін бірнеше жерден пышақ сұққан. Сондай-ақ, теледидар мен екі ұялы телефон ұрлаған,-дейді облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі.
Қазіргі таңда қылмыскерлер уақытша қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүруде.