Жемқорлыққа жол бермес үшін…

Қостанай облысы бойынша КБД Ішкі қауіпсіздік басқармасы Департаменттің қызметкерлерін Қостанай облысы бойынша ҚАЖД тергеу изоляторына (УК 161/1) апарды. Мұндай іс-шаралар мемлекеттік органдардың барлық қызметкерлері арасында жүргізілуде. Тергеу изоляторының өкілдері келушілерді күн тәртібімен, сотталған адамдарды ұстау жағдайымен таныстырды, камераларды көрсетіп, қамауға алынғандардың қандай баптар бойынша, қандай қылмыстар үшін сотталғандары туралы айтты.
Ішкі қауіпсіздік басқармасы, изоляторды келіп қарау қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа жол бермей, өз міндеттеріне жауапкершілікпен қарап, қылмыс жасаудан сақ болуға әсер ететініне сенімді.
Департаментте профилактикалық жұмыс тұрақты түрде жүргізілетінін атап өткен жөн. Мәселен, еңбек және қызметтік тәртіпті бұзу фактілері бойынша Қостанай облысы бойынша КБД уәкілетті қызметкерлері 2014 жылдың бірінші жарты жыл ішінде 18 қызметтік тергеу жүргізілген. Нәтижесінде  тәртіптік жауапкершілікке 23 қызметкер тартылған, олардың ішінде 4 лауазымды тұлға бар.
Сенім телефондары 53-65-80 тәулік бойы және 53-59-89 – жұмыс уақытында жұмыс істейді, әр азамат кеден органдарының қызметкерлері заңсыз іс-әрекет жасаған жағдайда жүгіне алады.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓