Мүгедек жандар шипажайды өздері таңдайды

2019 жылы Қазақстандағы мүмкіндігі шектеулі жандарға емделу үшін шипажай таңдау құқығы беріледі. Бұл туралы Парламент Сенатында депутаттармен кездесу барысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.мадина
«Таңдауды азаматтың өзіне беруге қатысты тиісті жағдай жасау жоспарланып отыр. Бүгінде бұл рәсім мемлекеттік сатып алуларға тиесілі, яғни қандай шипажай шықса, мүгедек жандар сол шипажайға барады. Мысалы, жүрек ауруына тап болған мүмкіндігі шектеулі жан қимыл-тірек аппараты бойынша шипажайға жіберілуі мүмкін», – деді министр. 
Осы орайда М. Әбілқасымова алдағы жылы бұл бағыттағы жүйе өзгеретінін атап өтті. 
«Алдағы жылы таңдау жасау құқығы баратын адамның өзіне беріледі», – деп нақтылады ведомство басшысы. 
Оның сөзінше, аталған жаңашылдықтар аясында қызмет көрсету сапасы едәуір артады деп күтілуде.  Бұдан бұрын хабарланғандай, жыл сайын Қазақстанда 50 мыңға тарта адам мүмкіндігі шектеулі жан ретінде жаңадан тіркеледі.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓