Сахна сақадай сай

Орталық алаңда орналасқан дала сахнасының сәні кіріп, ерекше көзге түсіп "менмұндалап" тұр. Ауданымыздың 90 жылдық торқалы тойына қарсы бірқатар әлеуметтік нысан қалыпқа келтірілді. Ел азаматтары туған жерді көркейтуге аянбай еңбек етіп, үлкен үлес қосты.11
1964 жылы туған азаматтар арнайы есепшот ашып, қомақты қаржы жинап, дала сахнасына бастан-аяқ құрылыс жұмыстарын жүргізді. Игілікті істің басы-қасында еліміздің аяулы азаматтары – Айбат Қабажаев пен Еренбол Алматов жүрді. Айта кету керек, Көкалат ауылының тумасы, белгілі кәсіпкер Балғабай Қабжанов құрылыс жұмыстарын жүргізу барысында көп күш салды. 9 млн теңгеге жуық қаржы жұмсалаған бұл нысан сақадай сай тұр. 27-28 қыркүйек күні өтетін “Торғай әуендері” мен “Бабалар сазы” атты аймақтық дәстүрлі әншілер байқауын сырттан келген мәртебелі меймандар осы сахнадан тамашалай алады.
 
                                                                    Байбатыр АХМЕТБЕКОВ
                                                                          Жанкелдин ауданы

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓