Партия өкілдері басқосты
Қостанай қаласы. Өңірдегі жеті саяси партиялардың өкілдері алда өтетін сайлау жайлы өз пікірлерін ортаға салды. Олар маңызды науқанның жоғары дәрежеде өтетініне сенім артатындықтарын және сайлауға жүз пайыз қатысатындықтарын жеткізді. Сондай-ақ, басқосуда Нұрлы жол бағдарламасын іске асыруға да бар күш-жігерді жұмылдыру қажет екендігі тілге тиек етілді. Жақында ғана Елордада өткен Нұр Отан партиясының 16-шы съезінде ұсынылған мемлекетімізді дамытудың жаңа реформалары да талқыланды.