Сумен қамту – кезек күттірмес мәселе

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтің қатысуымен өткен селектолық жиында «Нұрлы жер» және «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламалары аясында халықты сумен қамтуға бағытталған жұмыстардың іске асу барысы талқыланды.IMG_8249
Осы қос бағдарлама шеңберінде облыс бойынша 57 сумен қамту және су тарту жобасына құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге республикалық және жергілікті бюджеттен 15,2 млрд теңге бөлінген. Бұл туралы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Дәурен Асқаров баяндады.IMG_8251
«Жобалардың 37-сі – «Нұрлы жер», 20-сы – «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасына тиесілі. Бүгінге дейін игерілген қаржы көлемі – 5,8 млрд теңге. Биыл 31 нысанның жөндеу жұмысы аяқталуы тиіс. Нәтижесінде, жалпы саны 31 мың тұрғыны бар 29 ауыл сапалы ауыз сумен қамтылады. Сондай-ақ, төрт қалада тозығы жеткен су тарту желілері мен құбыр жүйелері жөнделеді. Қалған 26 жоба арғы жылдарға қалады», – деді Д. Асқаров.IMG_8252
Оның сөзінше, облыста орталықтандырылған су жүйесімен қамтылған ауылдар саны 174-тен 189-ға дейін жетуі тиіс. Мұның сыртында, ауылдық елді мекендердің тамырына тіршілік нәрін жүгіртуді көздейтін 40 жобаның сметалық құжаты қаралу үстінде. Ол жүзеге асса, сапалы ауыз суға 67 ауылдың немесе 72 мың адамның қолы жетпек. Басқарма басшысы өз баяндамасында облыстың әр өңірінде атқарылып жатқан жұмыстарға егжей-тегжейлі тоқталды.IMG_8284
«»Нұрлы жер» бағдарламасы аясында Алтынсарин ауданында 3,1 млрд теңгеге 4 жоба іске асырылуда. Биыл аяталып, 5 ауыл, 3,3 мың адам орталықтандырылған сумен қамту жүйесінің игілігін көрмек. Ал Амангелді, Науырзым, Б.Майлин, Ұзынкөл аудандарында  1, Әулиекөл, Денисов, Жітіқара аудандары мен Арқалық қаласында 2, Қарабалық, Қарасу, Қостанай, Сарыкөл аудандарында 3, Жангелдин ауданы мен Лисаков қаласында 4,   Меңдіқараауданы мен Рудный қаласында 2, Федоровта 5, облыс орталығында 11 жоба іске асырылуда», – деп тәптіштеді басқарма басшысы.IMG_8247
Ол облыс әкімінің қолдауының арқасында тұңғыш рет облыс бюджетінен 10 ауданға 14 автоцистерна сатып алуға 375,7 млн теңге бөлінгенін де тілге тиек ете өтті. Сөз соңында Жоғары Тобыл және Қаратомар су қоймаларына қатысты мәлесеге тоқталып өтті. Айтуынша аталған су қоймаларына тасқын судың келуі әлдеқайда азайып кеткен. Бұл тоғандардың сарқылып, балдырланып, борсуына әкелуде. Сондықтан ол осы жағдайға шұғыл назар бөлу қажет екенін айтты.
Облыс әкімі халықты сумен қамту жұмыстарының сапалы атқарылуын, өзге де түйткілді мәселелерді қатаң бақылауға алуды тапсырды.         
 
Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев    

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓