Шылымқорларға шектеу

Қазақстанда көшеде темекі шегуге тыйым салынуы мүмкін. Бұл туралы блогер Денис Кривошеев Facebook желісінде жазды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.шылымҚазіргі таңда Қазақстанда көшеде шылым тартуға рұқсат. Табак өнімдерін "Темекі бұйымдары мен алкогольді тұтынудың профилактикасы және оны шектеу" бабында көрсетілген белгілі бір жерлерде тұтынуға тыйым салынған. Олардың қатарында білім беру ұйымдарында, сондай-ақ кәмелетке толмаған адамдардың демалуына арналған ұйымдарда, денсаулық сақтау ұйымдарында, қоғамдық тамақтану орындарында, кинотеатрларда, театрларда, цирктерде, концерт, көру және көрме залдарында, спорт ареналарында және көпшіліктің демалуына арналған басқа да жабық ғимараттарда, соның ішінде түнгі клубтарда, дискотекаларда, мұражайларда, кітапханаларда және лекторийлерде, поездар мен теңіз және өзен көлігі кемелерінде белгіленбеген жерлерде, әуежайлардың, темір жол, автомобиль және су вокзалдарының ғимараттарында, әуе кемесінің бортында, жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыру кезінде автобустар, шағын автобустар, троллейбустар, таксилер және қалалық рельстік көлік салондарында, мемлекеттік органдар мен ұйымдарда темекі тартуға тыйым салынғаны айтылған. 
Алайда "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы" кодекстің жаңа редакциясында табак өнімдерін тұтынуға жалпы қоғамдық орындарда тыйым салу ұсынылған.
"Табак өнімдерін қоғамдық орындарда тұтынуға тыйым салынады", – делінген кодекстің ұсынылып отырған жаңа редакциясында.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓