Дән тазартқыш кешен өртеніп кетті
Қостанай ауданы Майкөл ауылында жарақтандырылған қырман құрылымы жанып кетті, деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметі. Төтенше жағдай бүгін таңғы сағат 3.12-де болған.
«Жеке кәсіпорындардың бірінің аумағында 70 шаршы метр жарақтандырылған қырман (дақылдарды жуып, кептіретін орын) жанып кетті. Өрт 04:30-да ауыздықталып, 05:12-де сөндірілді», – деп хабарлады департаментте. Ешкім зардап шеккен жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.