Барудың қажеті жоқ

 «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Қостанай облысы бойынша филиалының мамандары «Жүргізуші куәлігін онлайн ауыстыру және автокөлікті онлайн тіркеу» акциясын өткізді. Акцияның мақсаты egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы онлайн тәртіпте жүргізуші куәлігін ауыстыру және автокөлікті тіркеу туралы автокөлік иеленушілерін ақпараттандыруды арттыру.    ny-bilväljare
Аталмыш акция Қостанай қаласының Мамандандырылған қызмет көрсету орталығында және жанармай құю орындарында өткізілді. Осы іс-шара аясында бөлім мамандары автожүргізушілерге кеңес беру және парақшаларды тарату арқылы онлайн қызметтермен таныстырды делінген баспасөз хабаралмасында.   
Естеріңізге сала кетсек, наурыз айынан бастап, электрондық үкімет порталында жүргізуші куәлігін ауыстыру мүмкіндігі пайда болған еді. Жүргізуші куәлігін онлайн тәртіпте ауыстыру қызметін алу оңай әрі жылдам. Алдымен еgov.kz порталына кіріп, электрондық өтінішті толтырып, электрондық цифрлық қолтаңбамен растау қажет. Өтінішпен қоса фотосурет және қойған қолының скан-суреті де жолданады. Жеке кабинетке құжаттың дайын болғандығы туралы хабарлама келген соң (мобильді азаматтар базасына тіркелген жағдайда хабарлама SMS түрінде келеді) мамандандырылған ХҚО-ға барып, дайын ЖК алып кетуге болады.
Бөлімге барғанда ауыстыратын жүргізуші куәлігі, жеке басыңызды куәландыратын құжатты, өтініш пен баж салығын төлеу туралы электрондық чекті ұсыну қажет. Айта кетсек, жүргізуші куәлігінің баж салығы бұрынғыдай 1,25 АЕК, яғни 3 006,25 теңгені құрайды.
Егер жүргізуші куәлігінің мерзімі өтіп кетсе, психиатрлық және наркологиялық диспансерден анықтама, 083-нысандағы медициналық анықтаманы апару қажет.
Сонымен қатар, азаматтар мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы немесе ІІМ тіркеу-емтихан бөлімшелеріне бармай-ақ, автокөліктерін электрондық үкімет порталында рәсімдей алады. Қызметті онлайн алу үшін egov.kz порталында авторизациядан өтіп, сатылатын көлік жайлы ақпаратты енгізіп, айыппұлдар мен салық төлемдерін, техникалық жағдайынтексеруге сұраныс жолдау керек.  Егер қарыздар болса, электрондық портал арқылы өтеуге болады. Осыдан кейін автокөлікті сатып алушы азамат электрондық үкімет порталындағы жеке кабинеті арқылы сатушы қалдырған өтініммен танысып, айыппұлдарды тексергеннен кейін нөмір белгісіне, көлік құралын тіркеуге және тіркеу туралы куәлікке төлем жасай алады. Сатып алушы өзінің ЭЦҚ-мен смарт-келісімді растаған соң мамандандырылған ХҚО-ға нөмір белгісін алып кету үшін ғана келеді. Сондай-ақ нөмірді үйге жеткізу қызметіне де тапсырыс беруге болады.
Еске сала кетейік, биылғы мамыр айынан бастап ҚР ІІМ  автокөлікті тіркеу кезіндегі салыстыруды алып тастаған болатын. Енді есептен шығару немесе көлікті тіркеу кезінде нөмірлік агрегатты тексертудің қажеті жоқ. Мұндай талап тек көлікті алғашқы  рет тіркегенде қойылады.
Сондай-ақ жүргізуші куәлігінің мерзімі өткенге дейін ауыстыру немесе жоғалтып алған жағдайда медициналық тексерістен өтудің және психиатр, наркологтан анықтама әкелудің қажеті жоқ. Ал азаматтың ЭЦҚ-сы болса, жүргізуші куәлігін электрондық үкімет порталы арқылы онлайн тәртіпте ауыстыруға болады.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓