Ішімдік сатушылар прокурорлар назарында
Шілденің 31-і мен 2-тамыз аралығында Қостанай қалалық прокуратурасы қалалық ІІБ-мен бірігіп, рейдтік шаралар өткізді. Мақсат –алкогольдік өнімдердің мемлекеттік айналымы туралы заңнама бизнес субъектілерінің қаншалықты бақылауында екенін бағамдау.
Рейд барысында түн уақытында алкоголь өнімдерін саудалайтын 10 сауда нысаны «қара тізімге» тіркелді.
Аталмыш шараның тағы бір бөлігі – ішімдік саудасымен айналысатын кәсіпкерлер арасында кең ауқымды түсіндірме жұмыстарын жүргізу. Осыған байланысты, күні кеше «Прокурор мәлімдейді» атты акция өтті. Акция аясында прокуратура мамандары кәсіпкерлер мен олардың қызметшілеріне жасы 21-ге толмағандарға және түн уақытында ішімдік сатуға тыйым салынатыны туралы ескертпе жұмыстарын жүргізді.
Жандос Жүсіпбек