Облыстағы 63 жүргізушінің шетелге шығуына тыйым салынды
Олардың атқарушылық қағаздар бойынша қарыздары бар және «Борышкер» операциясы барысында оларды қостанайлық полицейлер жауапкершілікке тартқан. Бұл жайлы әкімшілік тәжірибе бөлімі бастығының орынбасары, полиция майоры Орал Кужиков мәлімдейді. Барлық қарызгерлерге айыппұл төлеу хақында ескерту жасалып, бекітілген шектеулермен таныстырылды. Айта кету керек, «Борышкер» ұйымдастырылымы қорытындысы бойынша 12 миллионнан астам теңге бюджетке құйылды.
Аймақта ағымдағы айдың 14-і мен 22-не дейін өткізу белгінеген аталмыш операция барысында, полицейлер сот орындаушылармен тізе біріктіріп, пәтер және аулаларды аралап шығу ісін жүзеге асыруда. Қызметкерлер бүгінге дейін 140-тан астам пәтерге бас сұғып, қарыз төлеуден жалтарып жүрген тұлғаларға әкімшілік заңнаманы бұзғаны үшін айыппұл төлеулері керектігін кезекті мәрте ескертіп шықты. Айыпкерлердің қатарында жолда жүру ережесін бұзғандар, көлік тізгініде, сондай-ақ қоғамдық орындарда темекі мен ішімдік тұтынғандар бар.
Жандос Жүсіпбек