Мүмкіндікті пайдалан
Бүгінде елімізде 15 Назарбаев зияткерлік мектебі бар. Тағы 5-еуі биыл өз жұмысын бастайды. Соның бірі Тобыл өңірінде.

8, 9 сыныпқа барлығы 800-ден астам бала құжат тапсырған. Бірақ бөлінген орынға бала саны толмай отыр. Әзірге бұл сынып оқушыларына 155 орын бос тұр. Сол себептен де тамыз айының 18-нен бастап қыркүйек айының 20-на дейінгі аралықта қосымша іріктеу кезеңі жарияланып отыр. Алдыңғы іріктеуге үлгере алмаған талапты жастар екінші мүмкіндікті пайдалануға жағдайы бар.
Айтолқын
АЙҚАДАМОВА