Балабақшалар саны көбеюде

Қостанай облысында қазіргі күні 623 мектепке дейінгі білім беру ұйымы жұмыс істейді. Соның 188-і балабақша (57-сі жекеменшік) және 435-і шағын орталық (12-сі жекеменшік).
Облыстық білім басқармасының басшысы Бәтима Даумованың айтуынша, балабақша кезегін азайту мақсатында былтыр мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде Лисаковта 210 орынды және Арқалықта 50 орынды «Ай-Али» балабақшасы ашылған. Биылғы жылдың басында Федоровта 75 орынға шақталған «Балбөбек» бақшасы және Арқалықта 150 орынға арналған балабақша пайдалануға берілді.
Маусым айының соңына дейін Жітіқара қаласында МЖӘ шеңберінде 120 орынды балабақшаны іске қосу жоспарланып отыр.
 
Қ.МҰРАТБЕКҚЫЗЫ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓