Әйелдер форумы

27 ақпанда  аудан  әкімдігінде түрлі салада белсенді жағынан көрініп жүрген кәсіпкер әйелдерге арналған форум өтті.Әйелдер форумынан көрініс
Оның жұмысын аудан әкімінің орынбасары Елжан Тұрабеков ашып, жиынға жиналғандарды келе жатқан әйелдер мерекесімен құттықтады. Сонымен қатар, ол өңірде жыл сайын өз ісін бастаған әйелдердің ісі өрге басып келе жатқанын айырықша атап өтті. Солардың ішінде алдына мақсат қойып, жұмыс көзін тапқан, сенімді іскер серіктестер жетерлік. 
Шара аясында белсенді кәсіпкерлер ауданда іске асырылып жатқан «БЖК-2020», «Агробизнес-2020» және «ЖЖК-2020» мемлекеттік бағдарламалары барысында түсіндіру жұмыстарын тыңдап, білімдерін арттырды.  Сондай-ақ, форумға қатысушылармен әңгімелескен  облыстық ақпараттық-насихат тобының мүшесі, ҚМПИ ректорының кеңесшісі, саясаттану ғылымының кандидаты Ғазиз Шаймерденов әйелдермен әлем мен елдегі діни қауіпсіздік туралы тілге тиек етті.
 
Руслан ӘЛКЕЕВ.
Сарыкөл ауданы.
 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓