Көктал ауылында мешіт ашылды

Әулиекөл ауданының Көктал аулында  мешіт ашылды. Аядай ауылда мұндай рухани нысан іргесінің қалануына Гүлжан Назарова есімді өңірге белгілі емші бастамашы болып, өзге де қайырымды азаматтар үлестерін қосқан. мечет
Мешіттің ашылу рәсіміне облыстық мешіттің өкіл имамы Бақытбек Тәжімбет, аудан әкімі Жансұлтан Таукенов арнайы барып қатысып, ауылдықтардың қуанышын бөлісті. Бастамашы Г.Назарованың айтуынша, қолға алынған істі аяғына дейін жеткізу үшін көптеген жеке материалдық құрбандыққа барып, күш-қажыр жұмсауға тура келген. "Көп түкірсе – көл" демекші, кең жүректі азаматтар мен елгезек ауылдастардың күш біріктіруімен "Алла үйі" ойдағыша аяқталып, жамағатқа есігін айқара ашып отыр. 
Ғибадат үйіне игі іске ұйытқа болушы Г.Назарованың атасы – Сұлтан ата Нұрманұлының есімі берілді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓