Қандықол 93 жаста
Қостанай ауданының Затобол кентінде кісі өлімі болды. Бұл ақпаратты облыстық ІІД баспасөз қызметінің растағанын жазады alau.kz тілшісі.21 тамызда сағат 17.30 кезінде Затобол елді мекенінен 80 жастағы ер адамның мүрдесі табылды. Марқұмның денесінде зорлықпен өлтірілгенін айғақтайтын белгілер бар.
"Жедел іздестіру шаралары барысында 93 жастағы қария күдікке ілінді. Қазір осы дерек бойынша, ҚР ҚК 99-бабының 1-тармағына ("Кісі өлімі") сәйкес соталды тергеу амалдары жүргізілуде. Сараптама құрылды", – делінеді ведомство хабарламасында.