Жолдауды түсіндірді
АНТ мүшесі, "Ел ертеңі" қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Саят Шаймуруновтың төрағалығымен өткен басқосуға Барвин ауылдық округінің әкімі Орал Жанбалтин, мектеп мұғалімдері және ауыл тұрғындары қатысты.
Қостанайдан келген қонақ Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың он бірінші айдың он бірінде халыққа жолдаған "Нұрлы жол – болашаққа бастар жол" атты Жолдауын барвиндіктерге әңгімелеп берді. Жаңа экономикалық саяси құжаттың басым бағыттарымен бөліскен ол, Елбасының айтқандарын мысалға келтіре отырып, Жолдауды жұртшылыққа ұтымды насихаттауға тырысты.
Осыған дейін Алтынсарин, Қарасу өңірлерінде болдық. Бүгін міне, Сарыкөлге келсек, енді Әулие-көлге бет бұрамыз. Осы аудандарды аралаудағы біздің негізгі мақсатымыз – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жаңа Жолдауын халыққа насихаттап, түсіндіру – деді өз сөзінде облыстық ақпараттық-насихат тобының мүшесі С.Ж.Шаймурунов.
Сондай-ақ, Саят Жұматұлы инновация игіліктері мен даму даңғылдары және бір топ мемлекеттік бағдарламалар барысында баяндады. Жалпы, еліміздің экономикасын дамыту жолында аймақта ауыз толтырып айтарлықтай ауқымды жобалардың жүзеге асырылу аясында айтты. Әсіресе, бүгінгі таңда Рудный қаласында цемент зауыты салынып жатқандығын атап өтті. Сонымен қатар, 2010 жылы облыс әкімінің қолдауымен құрылған қоғамдық бірлестіктерінің бүгінгі ахуалына тоқтала кетті. Яғни, бұл бірлестік облыстық ішкі саясат, жастар саясаты, дін басқармасымен бірігіп жұмыс істейді. Небары, төрт жылдың ішінде қомақты табыстарға қол жеткізіп, қоғаммен етене еңбек етуде.
Жалпы, басқосу барысында барвиндіктер қой-ған сауалдарға жауаптар қайтарылды.
Руслан
ӘЛКЕЕВ
Сарыкөл ауданы.