Балықшы суға батып кетті
Таран ауданындағы көлден ер адамның денесі табылды. Бұл туралы Қостанай облысы Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.
«Солтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы Таран ауданының Береговой ауылынан 5 шақырым жердегі Жалтыр көлінен 28 жастағы азаматтың мәйітін алып шықты», – делінеді ведомство хабарламасында.
Мәлім болғандай, ер адам балық аулап жүріп суға батып кеткен. Өзімен бірге қауіпсіздік құралдары болмаған.