Былтырғы меже, биылғы жоспар қандай?
Жаңа оқу жылының қарсаңында Қостанай қаласындағы педагогтардың жыл сайынғы тамыз кеңесі өтті. Ұстаздардың жиынында 2017-0218 оқы жылының нәтижесі сараланып, жаңа оқу маусымының жоспарлары пысықталды. 
Мәжіліске Қостанай қаласының әкімі Базыл Жақыпов, қалалық білім бөлімінің басшысы Василий Цымбалюк және мектеп директорлары, ұстаздар, білім беру ұйымдардың басшылары қатысты.
Былтырғы жылдың нәтижелерін қорытындылаған шаһар басшысы Б.Жақыпов қаладағы білім беру саласының дамуына жақсы бағасын берді. Мемлекеттік және жекеменшік әріптестіктің арқасында қала бойынша 42 жекеменшік балабақша ашылыпты. Былтырғы жылмен салыстырғанда биыл ҰБТ нәтижесінің орташа көрсеткіші жоғарылай түскен. Яғни, қостанайлық түлектердің жоғары оқу орындарына түсуге деген ынта-жігерлерінің артқанын аңғару қиын емес.
-ҰБТ-да жыл сайын жоғары балл жинап, тұрақты түрде жақсы көрсеткіштерге жетіп жүрген білім ошақтарына алғыс айтамын. Олар: С.Мәуленов және М.Горкий атындағы гимназиялар мен физика-математикалық лицей ұжымы. Өзге мектептер осы аталған білім ошақтарына қарап бой түзейді деген сенім бар. Озық ойлы озат оқушыларды даярлауда біздің педагогтар лайықты еңбек етуде. Биылғы жылдың наурыз айында республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі аяқталған еді. Қостанай қаласының дарынды балалары 16 жүлделі орынға ие болды. Мұның өзі қостанайлық педаготардың жоғары кәсіби біліктіліктерін айғақтап тұрғандай,-деді Базыл Жақыпов.
Соңғы жылдары білім сапасын арттырумен қатар, жаңадан мектептер салуға ерекше көңіл бөлінуде. Үш жыл бұрын қаланың солтүстік-батыс бөлігінде мемлекеттік тілде білім беретін №15 мектеп салтанатты түрде ашылған болатын. Бүгінде «Әуежай» шағын ауданында 900 орынға шақталған мектептің құрылысы жалғасып жатыр. 280 орынға шақталған балабақша салу да жоспарлануда. «Юбилейный» шағын ауданында 1200 орынға арналған мектептің құрылысының жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп тұр. Биылғы жазда қалалық бюджет есебінен білім беру ұйымдарының 21 нысанына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліпті. Мектеп аулаларын абаттандыру жұмыстары әлі де жалғасуда. Мемлекеттік жекеменшік әріптестік арқылы №13 мектептің ауласына спорттық алаң салынған. Соңғы үш жылда мектептердегі компьютерлердің саны артып, цифрлық білім беру бағыты қарқын ала түсті.


Былтырғы жылдың нәтижелерін қорытындылаған шаһар басшысы Б.Жақыпов қаладағы білім беру саласының дамуына жақсы бағасын берді. Мемлекеттік және жекеменшік әріптестіктің арқасында қала бойынша 42 жекеменшік балабақша ашылыпты. Былтырғы жылмен салыстырғанда биыл ҰБТ нәтижесінің орташа көрсеткіші жоғарылай түскен. Яғни, қостанайлық түлектердің жоғары оқу орындарына түсуге деген ынта-жігерлерінің артқанын аңғару қиын емес.

Соңғы жылдары білім сапасын арттырумен қатар, жаңадан мектептер салуға ерекше көңіл бөлінуде. Үш жыл бұрын қаланың солтүстік-батыс бөлігінде мемлекеттік тілде білім беретін №15 мектеп салтанатты түрде ашылған болатын. Бүгінде «Әуежай» шағын ауданында 900 орынға шақталған мектептің құрылысы жалғасып жатыр. 280 орынға шақталған балабақша салу да жоспарлануда. «Юбилейный» шағын ауданында 1200 орынға арналған мектептің құрылысының жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп тұр. Биылғы жазда қалалық бюджет есебінен білім беру ұйымдарының 21 нысанына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліпті. Мектеп аулаларын абаттандыру жұмыстары әлі де жалғасуда. Мемлекеттік жекеменшік әріптестік арқылы №13 мектептің ауласына спорттық алаң салынған. Соңғы үш жылда мектептердегі компьютерлердің саны артып, цифрлық білім беру бағыты қарқын ала түсті.



Қымбат ДОСЖАНОВА
Суретті түсірген Б.АХМЕТБЕКОВ.