Терроризмге қарсы дайындық сабақтары өтті

Қостанайлық полицейлер дін қызметкерлеріне терроризмге қарсы іс-қимыл бойынша сабақ өткізді.
Қостанай облысы Полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Қазақстан Православтық Шіркеуінің Қостанай және Рудный Епархиясы» жергілікті діни бірлестігінің өкілдерімен семинар өткізді. Кездесуге келгендерге «Терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы ҚР заңнамасындағы өзгерістер», «Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын талаптарды бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 305 Қаулысы жеткізілді.
Сондай-ақ, полицейлер жергілікті діни бірлестік қызметшілерін терроризм актісінің орын алу қаупі төнген және күдікті зат табылған кездегі алғашқы іс-әрекеттерімен таныстырды.
 -Қатысушыларға лаңкестік оқиғалары кезінде қалай әрекет жасау керектігі туралы айттық. Терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамадағы өзгерістер бойынша ақпараттар толығырақ түсіндірілді. Әр адам террорлық шабуылдар кезінде қалай әрекет ету керектігін білуі қажет. Жыл басынан бері осындай 70 кездесу өтті, оған барлығы 1700-ден астам адам қатысты, – дейді Қостанай облысы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкері Амангелді Бапинов.
Іс-шара барысында облыстық ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері қатысушылар назарына аталған тақырып бойынша түрлі бейнематериалдарды ұсынды.
 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓