Зардап шеккендер бар
Облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлағанындай, Қостанай қаласы жанындағы Қонай ауылында екі қабатты үйдің бір пәтерінде пештің ақаулы болуы себепті отбасы иісті газға уланып қалды. 1979 жылы туған әйел мен оның 2000, 2002, 2004 жылы туған балалары қалалық ауруханаға түсті.
Рудный қаласында 50 лет Октября көшесіндегі бір үйдің пәтерінде өрт шықты. Пәтердің төбесі, жиһаз бен есік жана бастады. Өрт сөндірушілер уақытында келіп, өртті сөндірді. Жедел жәрдем қолы күйіп қалған үй иесіне алғашқы көмек көрсетті.