Дөңгелек үстел өтті

Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес Челябі облысының қазақ диаспорасына көмек көрсету, ана тілін үйрету бойынша «Қазақ диаспорасына ана тілін үйрету бойынша ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсету» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.IMG_9952
Дөңгелек үстелді өткізудің мақсаты – Қазақстан Республикасында болып жатқан тілдік реформаны шет елде тұратын қазақ диаспорасына түсіндіру және ой бөлісу. Іс-шараның бағдарламасына сәйкес латын әліпбиі бойынша көрме ұйымдастырылды.IMG_9947
Аталған дөңгелек үстелге облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі, төраға орынбасары Б.Б.Аққожина, Рудный қаласы әкімінің орынбасары Е.В.Скаредина, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Қостанай облысы филиалының төрайымы Н.Қ.Жәрімбетова, облыстық қоғамдық келісім Кеңесінің төрайымы, қоғам қайраткері А.И.Суслова, Челябі мемлекеттік университеті директорының орынбасары А.Б.Бекмағамбетов, Ресей Федерациясы Челябі облысынан келген қонақтар: Челябі облысының білім және ғылым министрлігінің өкілі, Челябі институтының білім беру қызметкерлерін қайта даярлау және біліктілігін арттыру кафедрасының меңгерушісі, сондай-ақ, Челябі облысында ана тілді сақтау және таныту, салт-дәстүр және оқыту мәселелерімен айналысатын қазақ ұлттық-мәдени орталықтарының өкілдері, Челябі облысымен шекаралас Қостанай облысының тілдерді оқыту орталықтарының директорлары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және БАҚ қатысты.IMG_0012
 
IMG_0002Дөңгелек үстел барысында Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының басшысы Г.Е.Мендекинова дөңгелек үстелге қатысушыларға жылы лебізін білдіріп, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» тарихи мақаласында айтқан тілдік реформаға кеңінен тоқтады.
Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының бөлім басшысы К.Ә.Бимағанбетов мемлекеттік тіл реформасы туралы баяндады. Сонымен қатар, Челябі облысының білім және ғылым министрлігінің өкілі Е.И.Маркина, білім беру қызметкерлерін қайта даярлау және біліктілігін арттыру Челябі институтының тілдік және әдеби білім беру кафедрасының меңгерушісі ф.ғ.к. Т.В.Соловьева, облыстық қоғамдық келісім Кеңесінің төрайымы, қоғам қайраткері, педагог, әдебиетші А.И.Суслова, «ЖАҚСЫЛЫҚ» қазақ ұлттық-мәдени орталығының басшысы Ю.И.Байдаулетова және Челябі мемлекеттік университеті Қостанай филиалы ғылым жөніндегі директордың орынбасары, заң ғылымдарының кандидаты Ә.Б.Бекмағамбетов тіл реформасына байланысты баяндамаларын, өз ойларын ортаға салды.
Ресейден келген қонақтар Қазақстандағы тілдік реформаға оң көзқарастарын білдіріп, қазақ тілін оқыту бойынша көкейде жүрген сауалдарын ортаға салып, пікір алмасты.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓