Ауыл-аймақ айрықша назарда

Қостанай облысының әкімдігінде аудан-қала әкімдерінің қатысуымен селекторлық кеңес өтті. Жиын барысында «Ауыл – ел бесігі» жобасын іске асыру мәселесі қаралды. Бұл туралы Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. 
«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында биыл 40 мыңға жуық адам тұратын 32 ауылдық елді мекенде жаңа 70 жоба іске асады және 2021 жылы басталған 5 жобаны аяқтауға 7,5 млрд теңге бөлінді. Осы жылы ауылдарды ауыз сумен қамту, әлеуметтік саланың 11 нысанына күрделі жөндеу жүргізу, жаңа мәдениет үйін салу, сондай-ақ 24 ауылда қашықтығы 63 шақырымдық 56 кентішілік жолдарды орташа жөндеу  жоспарланып отыр.
Жиында ауылдарды ауыз сумен қамту және бұл мәселені 2025 жылға дейін жүз пайыз шешу жайы да талқыланды. Мәселен, 2022 жылы осы мақсатқа 12 353,5 млн теңге бөлінген. Биыл 29 жоба жүзеге асуы тиіс, оның ішінде 14-і – жаңа, 15-і – көшпелі жобалар. Жоспар бойынша, 2022 жылдың соңында ауыз сумен қамтылған ауыл халқының үлесі 74,9%-дан 87,2%-ға дейін ұлғаяды деп болжанып отыр.
Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 2021 жылы 104 ауылда тасымалданатын суды тарату пунктерін орнатудың пилоттық жобалары іске асырылған. Осы жылы дәл осындай пунктер ашу жұмыстары жалғасады.
Кеңес қорытындысында облыс әкімі Архимед Мұхамбетов аудан-қала әкімдеріне жобалардың сапалы әрі уақытылы іске асырылуы ұрақты түрде бақылау жүргізуді тапсырды.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓