«Мектепке жол»: қуаныш пен қамқорлық

Республикалық «Мектепке жол» қайырымдылық акциясына облыс әкімі де үлесін қосты.IMG_9145
 
IMG_9138Жыл сайын жаңа оқу жылы қарсаңында облысымыздағы әлеуметтік жағынан аз қамтылған, көпбалалы, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға материалдық көмек көрсетілуде. Ай бойы жүргізілетін «Мектепке жол» акциясының  мақсаты – әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар мен қараусыз қалған балаларды мектепке дайындап, қажетті құрал-жабдықтарын алып беру. Аталған шара аясында аймақ басшысы қаламыздағы №1 Горький атындағы гимназияда оқитын ағайынды Темірлан мен Карина Байдәулетовтерге және №2 орта мектепте оқитын Азиза Погореловаға жаңа оқу жылына қажетті мектеп формасы мен оқу құралдарын және азық-түлік сыйға тартты.IMG_9160
– «Мектепке жол» акциясы тоғыз жылдан бері жалғасын тауып келеді. Осы уақыт аралығында өңірде 99 мыңға жуық балаға 650 миллион теңгеге жуық қаржыға материалдық көмек көрсетілді. Бұған облыстың барлық кәсіпорындары, жеке кәсіпкерлері үлес қосты. Өткен жылы 10 445 балаға  мектеп формасы мен оқуға қажет мектеп құралдары және киім алып берілді. Биыл да аймақтың барлық кәсіпкер азаматтары атсалысып, 10 мыңға жуық баланы мектепке дайындаймыз деп отырмыз. Сіздерге қолдау көрсетейік деп арнайы шақырып отырмын. Балаларыңызға денсаулық тілеймін, – деді Архимед Бегежанұлы.IMG_9173
 
IMG_9168Байдәулетовтер отбасындағы екі баланың үлкені – Карина биыл 5-сыныпқа барады. Ал інісі Темірлан №1 Горький атындағы гимназияда жақсы оқиды. Ағылшын тіліне жетік, шахмат үйірмесіне барады. Жетістіктері де жоқ емес. Биыл 4-сыныпқа барады. Екеуінің де қуанышында шек жоқ. Аймақ басшысы оларды үш жыл қатарынан мектепке қажетті киімдері мен құралдарымен қамтамасыз етіп келеді. Інісі Темірлан екеуі: «Жаңа оқу жылында бізде бәрі жаңарды. Болашақта оқуымызды жақсы оқып, еліміздің үмітін ақтағымыз келеді», – деп,  қуаныштарын бөлісті. Ал олардың әжесі Райхан Идилова немерелерінің шаттанғанын көріп, бір жасап қалды.IMG_9177
 
IMG_9188Сыйлықтарға ие болған екі отбасының анасы мен әжесі өңір басшысына алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді.
 
Шұға ҚОҢҚАБАЙ         
   Суретті түсірген Б.КӨРКЕМБАЕВ.

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓