Қамқорлық танытты
Қарасу ауданы. Октябрь кентінің әкімі Владимир Андрусенко мен әлеуметтік саланың қызметкерлері жалғыз ілікті қарттар мен тыл ардагерлеріне көмек көрсетуде. Билік өкілі ауыл үйді аралап, қартиялардың жай-күйімен танысты. Сондай-ақ, барлық ардагерлерге, жалғызбасты кісілерге ескерткіш сыйлықтар табысталды. Игі шара әлі де жалғасатын болады.