19 жыл жазасын өтейді
Бүгін Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 46 жастағы Павл Чеховқа үкім кесілді. Ол Қарасу ауданындағы 11 жасар қыздың өліміне кінәлі деп табылды. П.Чехов енді темір тордың арғы жағында 19 жыл жазасын өтейді.
"Мен сот шешімімен келіспеймін. Қызды өлтірген жоқпын. Үкімге қарсы шағымданамын", – деді күдікті.
Естеріңізге салайық, осы жылдың 21 мамырында Восток ауылында кәмелет жасқа жетпеген қыздың мүрдесі табылған еді. Сол түні айыпталушы қыздың денесін айдалаға апарып тастаған. Кебісін де көз көрмес жерге лақтырып тастап, үйіне оралып, ештеңе болмағандай ұйқыға кеткен. Ол полицейлерді алдап соққысы келеді. Яғни, бейне бір кешкілік үйіне келіп ұйықтауға жатып, ешқайда шықпағанын, қыздың сол мезгілде үйде болмағанын,әлде ол ұйықтап жатқанда түн жарымында белгісіз жаққа шығып кеткенін "дәлелдемек" болады. Тәртіп сақшылары бәрібір оны қылмыстық іске қатысы барын біліп, қамауға алған еді.