Дөңгелектегі суға батып кетті

Қайғылы оқиға Қостанай облысы Осинов ауылында болды, деп хабарлады облыстық ТЖД-ға сілтеме жасап «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.201705172052472014 жылы туған қыз баланың мүрдесі бақша суару үшін су толтырылған «К-700» тракторының дөңгелегінен табылды. Ведомствоның баспасөз қызметі нақтылағандай, қайғылы жағдай баланы қараусыз қалдырған ата-ананың абайсыздығынан болған.
ТЖД қызметкерлері қайғылы жағдай өзен мен көлдерде ғана емес, сонымен бірге жасанды су қоймаларында, су құйылған көлемді ыдыстарда да болатынын ескертеді. Ведомствоның деректеріне сәйкес, 2016 жылғы шомылу маусымында су қоймаларында 21 адам қаза тапты, оның 4-еуі – бала. Биыл облыс аумағында қайғылы оқиғадан 3 және 15 жастағы екі бала қаза тапқан.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓